Kyzylorda-news.kz.  Қазалы ауданына қарасты Бекарыстан би ауылында тарихта ерекше орны бар Асандар көтерілісінің 90 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған арыстарым» атты облыстық жыршы-термешілер фестивалі өтті.

Шараның шымылдығын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, игі тілегін білдірді.

Сахна төріне көтерліген дүлділдер Өмірзақ Жанболат, Серік Жақсықұлов, Қуаңбаев Әділхан, Сүгірбай Марат, Бимбетова Шолпан, Сарсенбаева Майралар өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Кеш соңында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев сөз сөйледі:

“Осындай өнегелі жандардың өнерін өскелең ұрпаққа дәріптеп, насихаттау біздің парызымыз.Сондықтан бүгінгі шарада өнер көрсеткен өзіндік мақамы бар жыршы-жырауларға алғыс айтамыз. Өнер жолындағы асуларыңыз асқақтап, халықтың көзайымына айнала беріңіздер”, – деген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев фестивалге қатысушылардың барлығына да диплом мен арнайы қаржылай сыйлық табыстады.

Тағы да оқыңыз: