Kyzylorda-news.kz. Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазалыдағы «Arzan mart» ЖШС аудан тұрғындарына азық-түлік тауарларын онлайн жеткізіп беру қызметін ұсынуда.

Онлайн-жеткізіп беру қызметінің басты шарты – тұрғындар тапсырыс берген азық-түлік тауарларының жалпы сомасы 4000 (төрт мың) теңгеден жоғары болуы қажет.

Тапсырыс берушіге тауарларды жеткізу қызметі тегін.

Тапсырыс тәулік бойы қабылданады. Оператор-менеджер тапсырыс тізімін жинап, тауарды чегімен бірге 30 минут көлемінде тұтынушыға жеткізіп береді.

Айта кетейік, «Arzan mart» ЖШС-нің «Arzan market pharm» супермаркеттер желісі ауданда 24 сағат қызмет көрсетеді. Бірақ, карантин режиміне байланысты оның жұмыс істеу уақытына өзгерістер енгізілген.

Сонымен, қазалылықтар өздеріне қажетті тауарларды төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласынп ауызша немесе Whatsapp желісі арқылы тапсырыстар беруге болады:

8771 010 11 20;

8771 010 11 21;

8771 010 11 23;

8771 010 11 24.

Тағы да оқыңыз: