Kyzylorda-news.kz. Облыс көлемінде 19 шілде – 18 тамыз аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» айлығы іс-шарасының алғашқы 4 күнінде 1061 құқық бұзушылық анықталды.

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысудың – 4, медициналық қарап-тексеруден өтпеудің 2, заңсыз қайта жабдықтаудың – 37 дерегі тіркелген. Сондай-ақ 105 жүргізуші міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген, 51 жүргізуші ұялы телефонмен сөйлесіп, 10 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған. 230 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай, 25 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген. Құжатсыз автокөлік басқару 75, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеу 66, маневр жасау ережесін бұзу – 36 дерегі анықталды.

Тағы да оқыңыз: