Kyzylorda-news.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.

Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.

«Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: