Kyzylorda-news.kz.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады.

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі», – жазды мемлекет басшысы Твиттер парақшасында. 

Қазақстан жыл сайын 1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді.

Мерекені 1 маусымда атап өту туралы шешім Парижде 1949 жылдың қарашасында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінде қабылданды.

Тағы да оқыңыз: