**Kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрлігі тұрғындардан заңсыз атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша *«Қаруыңды тапсыр – ақша ал»*** *атты науқан жариялады.*
Қаруларды қабылдау мерзімі 20 сәуірде басталады. Бұл науқанға бюджеттен 95 млн теңге бөлінген. Бір қару үшін 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін беріледі. Сыйақы мөлшері қарудың техникалық жағдайына байланысты болады.
Министрліктің хабарлауынша, қару иесі өздігінен ештеңені бөлшектемеуге және тасымалдауға кеңес береді. Ең дұрысы полиция бөліміне бару керек.
«Тәуелсіздік жылдарында мұндай акциялар Қазақстанда 10 рет өткізілді. Біз 53000 қару жинадық. Атыс қаруын және оның патрондарын өз еркімен тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – делінген хабарламада.