Kyzylorda-news.kz. Қасиетті Қармақшы өңірінің тұрғындары қауіпті індетке қарсы сақтық шараларына да бір кісідей атсалысуда.

Аудан əкімдігі жанынан құрылған штаб мүшелері аудан тұрғындарын үйден шықпауына, кəсіпкерлерге күнделікті қажетті тауарлардың бағасын көтермеуге,  өздері де сақтық шараларын сақтауға насихаттық жұмыстар жүргізуде.

Ал, дəрігерлер күндіз-түні науқастарға  тынбай ем-дом жасауда, ал қоғамдық тəртіп сақшылары тəртіп пен тыныштық сақтауда өз үлестерін қосуда.

Міне, осындай ел қамын ойлаған азаматтарымызға қолдау көрсетуде тұрғындар да өз үлесін қосуда.

Бүгінде Алматы облысы, Іле ауданындағы Əділхан мешітінде бас иман қызметін атқарып жүрген қармақшылық Ақылбек Алтынсариев, сондай-ақ  аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, мəслихат депутаты Гүлжауһар Раева мен аудан əкімдігіне қарасты бір топ мекеме басшылары   блок-бекеттерде кезекшілікте отырған тəртіп сақшыларына  түскі ас əзірлеп, қолдау көрсетуде.

Тағы да оқыңыз: