Kyzylorda-news.kz. Бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында Қармақшы ауданында жеңіл көліктер мен жүк көлігі жолдан шығып, аударылды.

Оқыс оқиға М-32 Шымкент-Самара тас жолының Қармақшы ауданы Елшібай бекетінің тұсында ауа райының қолайсыздығынан туындаған. Яғни жолдың тайғақ болуы салдарынан Тәжікстан Республикасының 35 жастағы азаматы Абдусаттор Абдукаримов өз басқаруындағы Мерседес-Бенц маркалы жүк автокөлігімен жолдан шыққан.

Айта кетейік, жүргізуші көмекке келген Қармақшы ауданының полиция бөлімі қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз: