Kyzylorda-news.kz. Қармақшы аудандық пробация есебінде тұратын  азамат жасанды тас шығаратын кәсіп ашты.

Ол ағымдағы жылдың маусым-шілде айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтаған болатын. Жоба аясында бизнес жоспар құрып, комиссияның оң нәтижесіне ие болып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып, 555 666 теңгеге өз ісін бастады. Ал жұбайы мал шаруашылығын дамыту негізінде кәсіп бастап, қазіргі таңда отбасылық бизнесті жүргізіп келеді.

“Қандай кәсіпті қолға алсам деген оймен,  әлеуметтік желілерді шолып отырғанымда осы жасанды тас жасау кәсібі мені қызықтырды. Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз грантқа кәсібіме қажетті заттарды алдым. Жасанды тас гипстен жасалады, гипсты қатайту үшін  пластификатор қолданылады. Тастың түсін әр түрлі түстермен бояуға болады. Бұл тастарға сұраныс өте көп, оны үйдің ішін сәндеуге пайдаланады”, – деді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша ол алдағы уақытта облыста өтетін көрмеге қатысады.

“Жыл басынан бері пробация есебіндегі 4 сотталған азамат «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтап, мал шаруашылығын, тауық өсіру және жасанды тас жасау жеке кәсібін ашты. Есептегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында отбасылық жағдайын да зерделейміз. Тұрмыс жағдай төмен отбасыларға тиісті әлекметтік көмек көрсетіледі”,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Ж.Жүнісов.

Тағы да оқыңыз: