Kyzylorda-news.kz. Қармақшыдағы аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және бос жұмыс орындардың жәрмеңкесі өтті.

Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров ауданымызда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен бүгінгі өткізілген шараның маңызы туралы айтып өтті.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Талқанбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы жиналған қауымға түсінік берді.

Жәрмеңкеде аудан әкімі аппаратына қарасты бөлімдер мен мемлекеттік корпорация (ХҚКО) мамандары, Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, аумақтық инспекция, аудандық емхана мамандары аудан халқына қызметтерін ұсынды және Жосалы кенті әкімі аппаратына қарасты «Толғанай» балабақшасы, №105 мектеп, Төребай би ауылдық клубы, №111 мектеп және жеке кәсіпкер Ш.Кәрібаевтың «Нұр» шайханасы, жеке кәсіпкер Б.Несіпбаевалар мекемедегі бос орындары бойынша тиісті мамандарға сұраныс жасады.

Бос орындар жәрмеңкесі барысында 37 аудан тұрғыны жер қатынастары, құрылыс, сәулет, әлеуметтік сала бойынша қызметтерді алу жөнінде кеңес алса, 8 адам жаңа жұмыс орындарын, кәсіп ашамын деген адамдарға берілетін гранттар мен несие жайында мәліметтер алды.

Тағы да оқыңыз: