Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қармақшы ауданы әкімдігімен бірлескен «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында семинар ұйымдастырылды.

Семинарды аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әділ Қошалақов жүргізді.

Құқықтық оқыту семинарының барысында Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ғ.Едігеевтің, Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы Б.Досымовтың, Қызылорда облысы бойынша адвокаттар алқасының адвокаты Д.Калменовтың, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының аға әдіскері А.Тұрабаеваның баяндамалары тыңдалды.

Семинарда заңдық нормативтік-құқықтық актілердің жай-күйі мәселеріне қатысты хабарламаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинар соңында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, сұрақтары қойды.

Тағы да оқыңыз: