Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков аудан бойынша Сырдария өзенінің бойында орналасқан қауіпті аймақтарды аралады.

Су тасқыны бойынша қауіпті аймақтар болып есептелетін Сырдарияның жағалауындағы Жаңажол, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері мен Қызылтам елдімекендерін көріп шықты.

Сонымен бірге Жосалы кентіндегі жалпы ұзындығы 69,7 шақырымдық қорғаныс бөгеттерінің жай-күйімен танысты.

Сонымен қатар, қауіпті аймақтарда бірінші кезекте пайдаланылатын инертті материалдарды көріп, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің құрамындағы техникалардың дайындығын тексерді.

Көктемгі мұз жүру кезінде су тасқынының алдын-алу бойынша атқарылатын жұмыстарды талқылап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Тағы да оқыңыз: