Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданындағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Қармақшы ауданындағы құрылыс нысандарына баспасөз-туры кезінде айтылды.

Бүгінде Төретам кентін табиғи газбен қамту бойынша республикалық және аудандық бюджеттен тиісті қаржы көлемі бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Төретам кентіне көгілдір отынды жүргізу жұмыстарын мердегір мекеме «Алия-Сервис» ЖШС қолға алған. Қазіргі таңда мұнда 12 мыңнан астам тұрғын бар.

Төретам елді мекеніндегі халықты толық табиғи газбен қамту жобасы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал Ақай ауылдық округіндегі газдандыру жұмыстары биыл басталды. Мұндағы мердігер мекеме – «AKBARS STORY Ltd» ЖШС.

Сонымен қатар Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешінінің құрылысы өткен жылы басталған болатын. Жоба медігері – «Сапақ» өндірістік кооперативі. Мұнда 400-ге жуық жасты әртүрлі спорттық үйірмелермен қамтуға мүмкіндік бар. Жаңа нысан аудан орталығында бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қоспақ.

Айта кетейік, дене шынықтыру-сауықтыру кешені биылғы жылдың қазан айында аудан халықының игілігіне берілмек.

Тағы да оқыңыз: