**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** [](https://kyzylorda-news.kz/)**«Қазгидромет» РМК 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.** Сейсенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігі циклонның әсерінде болады, сонымен байланысты солтүстікте және солтүстік батыстың басым бөлігінде қар жауады. Тек республиканың батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Түркістан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.