Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Сыр еліндегі ардагерлерге ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың құтықтау хаты жеткізілді.

Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеген Жүнісовке облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың мерекелік құттықтауын табыстап, отбасына арнайы лебіздерін білдірді.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бюджеттен 452 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Ұлы Отан соғысына қатысқан 16 қарияға біржолғы материалдық көмек ретінде 1 млн 111 мың теңгеден берілді.

Жүнісов Төлеген 1921 жылғы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Жаңарық ауылында дүниеге келген.

1942 жылы қызыл әскер қатарына қабылданып, кіші командирлер дайындайтын курста білім алады.

Украинада 688 атқыштар полкінде ұрыста қатысқан. Украинаны жаудан азат ету жолында ерліктің ерекше үлгісін көрсетеді.

Берлинге дейін жеткен майдангер жеңістен кейін елге қайтарылмай Берлинде қалып, қала маңында «патрульдік» қызмет атқарады.

1946 жылы елге оралған соң Теміржол саласында жол монтері болады.

1983 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек етеді.

Жауынгерлік ерлігі үшін майдангер «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги», «За отвагу», «КСРО қарулы күштеріне – 60 жыл», «КСРО қарулы күштеріне – 70 жыл» және бейбіт күндерде «Еңбек ардагері», «Астанаға – 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Бүгінгі күні 2 қыз, 1 ұл өсіріп, 8 немере, 2 шөбере сүйіп отыр.

Тағы да оқыңыз: