Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) аса ауыр салмақта WBA Gold титулын жеңіп алып, Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде төртінші сатыға көтерілді.

2021 жылдың желтоқсанында Қоңқабаев британдық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) жеңіп, аса ауыр салмақтағы WBA Gold титулына ие болды.

Осыдан кейін қазақстандық WBA рейтингінде 9-шы орыннан 4-ші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта рейтингтің үш көшбасшысы – Юниэл Дортикос (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) бар.

Еске салайық, Қоңкабаев кәсіпқой рингте төрт жекпе-жек өткізіп, төрт рет жеңіске жетті.

Massaget.kz

Тағы да оқыңыз: