Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының халық көп шоғырланған жерлеріндеқала тұрғындарына кеңес беру шарасы өтті.
Қазан айының 19-25 күндері аралығында өткен шараны Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Қызылорда облыстық Жастар одақтары» ҚБ ұйымдастырды.
Халық көп шоғырланған жерлерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру және психологиялық кеңес беру» тақырыбында өткен шараға қала тұрғындары белсене қатысты.
Шара барысында психолог маман Назерке Мырзаханова қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы брошуралар таратты.