Kyzylorda-news.kz. Дариға Назарбаеваның құдасы, олигарх Қайрат Боранбаев ұсталды.
“Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) қызметкерлері ұстады. Оның ісіне қатысты Алматы департаменті емес, Астанадағы Қаржы мониторингі агенттігінің бас кеңсесінің адамдары жұмыс істеп жатыр. Қазір Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын күндері Алматыда тергеу жұмыстары өткізіледі”, – делінген ақпаратта.
Қайрат Боранбаев – “Қайрат” футбол клубының иесі, Қазақстан Республикасы паралимпиада комитетінің президенті, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің (ҰОК) паралимпиадалық спортты дамыту жөніндегі вице-президенті, УЕФА адал ойын және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің мүшесі.
Соңғы қазақстандық Forbes рейтингінде Боранбаев 590 миллион доллар байлығымен 14-орынға тұрақтады.
Боранбаевтың қызы Әлима – 2020 жылы көз жұмған Айсұлтан Назарбаевтың әйелі болған.
