Kyzylorda-news.kz Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарын ұйымдастырды. Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында өткен іс-шарада 300-ден астам адам бас қосты. Олардың арасында «Жас сарбаз» ұйымының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» қозғалысына қатысушы қыздар,бастауыш әскери дайындық пәнінің мұғалімдерімен әскери кафедралардың өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген 100 жоғары сынып оқушысы бар.

Әскери-патриоттық ойындардың ашылу салтанатына Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Парламент депутаттары, Қорғаныс министрлігі мен «Астана» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, қарулы күштер ардагерлері, қоғам өкілдері және өзге де азаматтар қатысты.

Өз сөзінде Ерлан Қошанов 2022 жылы «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXII Съезінде «Жастар Рухы» жастар қанаты «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарын тұрақты түрде өткізу жөнінде бастама көтергенін атап өтті. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді. Осы жылдар аралығында «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары тұрақты түрде өткізіліп, жай ғана әскери-спорттық іс-шара емес, нағыз ерліктің, патриотизмнің, жауапкершілік пен тәртіптің мектебіне айналды. Жалпы, осы уақыт ішінде жобаға 5 мыңға жуық ұл мен қызқатысты.

«Президент айтқандай, біз ұрпағымызға дамыған әрі мықты мемлекет қалдыруымыз керек.Ол үшін жастарды дұрыс тәрбиелеу қажет. Бұл істе әскер ерекше рөл атқарады. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері тек әскери дайындықпен шектелмейді. Кез келген төтенше жағдай мен табиғи апат орын алса, әскеріміз бірінші болып көмек қолын созады. Бұл – Отан алдындағы парыз бен халық алдындағы жауапкершіліктің шынайы көрінісі. Сіздердің бойларыңызда да осындай қайсар рух пен отаншылдықтың бар екеніне кәміл сенемін!», –деді ол.

Тағы да оқыңыз: