Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары "Өзіне-өзі қол жұмсауға, өзіне дене жарақатын салуға бейім" жазасын өтеушілермен тренинг өткізді.  

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың өмірге деген құштарлығын арттыра отырып, көңіл күйлерін көтеру.

Іс-шара барысында жазасын өтеуші азаматтарға сергіту жаттығулары көрсетілді. Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.

Тағы да оқыңыз: