Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының аумағында полиция қызметкерлері "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар тексерулер жүргізді. 

Іс-шара барысында 48 дәріхана, 12 медициналық ұйым және прекурсорлар айналымына байланысты 23 ұйым тексерілді. 
Сондай-ақ фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласы ережелерін бұзудың 23 дерегі тіркелді. 

Полиция есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: