Kyzylorda-news.kz Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Пробация қызметі есебіндегі» азаматтарға түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды.

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қызылорда қалалық пробация қызметінде қазіргі таңда 600-ден астам сотталған есепте тұрады. Пробациялық бақылауда белгіленген жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Кездесуде қатысушыларға Қазақстан Республикасының конституциясының 1-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демрокатиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген.           

Іс-шара барысында теолог М.Сейілханов діни сауатының кемшілігінен кейбір жастардың қазір әр түрлі теріс ағымдардың шырмауына түсіп, күңгірт келешекке қадам басуы – қоғамдық мәселеге айналған ащы шындық. Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру арқылы оларды теріс діни ағымдардың арбауынан, ал қоғамды діни алауыздықтан, діни экстремизмнен арашалауға болады деді.

 

Қорлан САРЫ
Фото: Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы

Тағы да оқыңыз: