Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға түрлі мамандардың көмегі беріледі. Оның ішінде әлеуметтік немесе құқықтық көмек, психолог мамандардың көмектері жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
Бүгін қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының психолог маманы З.Бисекова және қалалық пробация қызметінің инспектор психологы Г.Жилкаманова пробация есебіндегі 10 азаматты қабылдады.
Психолог мамандар сотталғандарды қабылдау барысында олардың қайталап қылмыс жасауға жол бермеу, қоғамға бейімдеу тұрғысында сұхбат жүргізіп, психологиялық тест жұмыстарын ұйымдастырды.
«Негізі психолог маманның қабылдауында мүмкіндігінше жиі болып тұрған дұрыс деп есептеймін. Бүгін осы себеппен мен де маманның жеке қабылдауында болдым. Психологпен сұхбаттасу барысында өзімнің жағдайымды айтып, тығырықтан шығудың дұрыс жолдарын сұрап білдім. Психолог маман менің сұрағыма «Біріншіден, өзіңіз белсенді болуыңыз қажет, сонда ғана өз-өзіңізге сенімділігіңіз артып, ойлағаныңыз орындалады», - деді. Маманның бұл ұсынысын міндетті түрде орындайтын боламын. Сонымен қатар осы шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне айтар алғысым да шексіз», - дейді есептегі азамат.
