Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі азаматтармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 600-ге жуық адам есепте тұрса, оның ішінде әйел азаматшалар мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер де бар. Атап айтар борлсақ, есептегі тұлғаларды қайта әлеуметтендіру, қайта қылмыстың алдын алу және профилактикалық шаралар  үздіксіз атқарылуда. Сондай-ақ азаматтарға құқықтық, медициналық, психологиялық көмектер де беріледі.

Жыл басынан жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзып, сот жүктеген міндеттерді орындамай, құқықбұзушылық жасаған 19 адамның  бас бостандығын шектеу жазасы сот үкімімен  бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілген. Есептегі жұмыссыз 25 азаматты жұмыспен қамтыса, 146 тұлғаға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек көрсетілген. Сондай-ақ жергілікті прокуратура қызметкерлері және Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есептегі азаматтарды тұрғылықты мекенжайынан 950 рет тексеріп, мекенжайында болмаған азаматтарға ескерту тәртіптік жазалау шарасы берілген.

Қалалық пробация қызметінің бастығы әділет полковнигі Дaулет Сәдуақасовтың айтуынша жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының сотталғандарға бірлесіп көрсеткен әлеуметтік-жүйенің арқасында қаншама адам тәртібін түзеп, келесі жолы қылмыс жасамауды толық түйсінген. Есептегі 9 сотталғанға құжаттарын рәсімдеу бойынша да көмек көрсетілді. Бірінің жеке куәлігін алуға, екіншісінің жоғары  оқу орнында білімін жалғастыруға, ал үшіншісіне әскери билетін алуға  т.б.  көмектер жасалды. Облыстық жастар ресустық орталығымен бірлескен меморандум аясында спорттық-мәдени шараларға есептегі азаматтар да қалмай қатысады. Өмір болған соң, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»демекші, сотты болып пробация есесбінде жазасын өтеп жүргендерді өмірге қайта бейімдеп,олардың әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, медициналық көмек көрсету арқылы қайта қылмыс жасауларына жол бермеу,-дейді пробация қызметінің бастығы  Даулет Садуақасов.
 

Тағы да оқыңыз: