Kyzylorda-news.kz. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі.

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі айыпталушыға сот үкімімен 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Қазіргі таңда сотталған азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. Жалпы мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғанның атқарған жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК-нің 62-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органға жүктелген.

Жыл басынан пробация есебінде тұрған 3 сотталған азамат сот үкімімен міндеттелген мәжбүрлі еңбекті тәртіп бұзушылықсыз толық атқарған.

Тағы да оқыңыз: