maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Вице-премьер Тамара Дүйсенова президенттің сынынан кейін әлеуметтік төлемдер қысқартыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дүйсенованың айтуынша, мемлекет басшысы әлеуметтік көмек негізінен мұқтаж азаматтарға берілуі керек деген қағиданы ұстанады.

"Бұл өте дұрыс деп санаймыз. Әлеуметтік заңнамаларда қарастырылған ешқандай әлеуметтік көмектің саны кемімейді. Бірақ көмек берілген кезде мұқтаж адамдарға ғана көмек көрсету, яғни әлеуметтік теңдікті қалыптастыру мәселесін қарастыруды тапсырып отыр. Сондықтан біз көмек сұраған адамдар шынымен мұқтаж ба, жоқ па, соған көбірек көңіл аударамыз", - деді Дүйсенова үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте.

Ол осыдан үш-төрт жыл бұрын 2 миллион қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алғанын атап өтті. Үкімет тексере келе көп азаматтың үйі мен табысы бар екеніне көз жеткізген.

"Сондықтан қазір бұл мәселе пысықталып жатыр, тетіктерін әрі қарай жетілдіреміз. Былтырғы есепті қарасақ, 500 мыңнан аса азамат атаулы әлеуметтік көмек алды. Яғни біз және жергілікті органдар мұқтаж азаматтардың категориясына келе жатырмыз деп айтуға болады", - деді премьер-министрдің орынбасары.

 

Фото: ratel.kz
 

Тағы да оқыңыз: