Президенттің коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады – Kyzylorda News
Басты бет

Президенттің коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады

27.04.2020, 9:20

679 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Президент карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізілетінін мәлімдеген еді.

«Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.