Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.
Еске сала кетсек, Президент карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізілетінін мәлімдеген еді.
«Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.