Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қазалы ауданындағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кезекті кездесу өтті.

Партия филиалының мәжіліс залында өткен жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Дүзелбайұлы жүргізіп, Жолдаудың негізгі мән-маңызына, басым бағыттарына тоқталып, ерекше тұстарын саралап өтті.

Сондай-ақ, өз кезегінде ұйым өкілдері сөз алып, ел Президентінің Жолдауындағы жарқын тұстар бойынша ой-пікір алмасып, ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерді қолдауға әркез дайын екендіктерін білдірді. 

Сонымен қатар Жолдау бағыттарын кеңінен талқылау мақсатында аудандағы медиаторлармен кездесу өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаты, аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ибайдулла Тілеп арнайы қатысты.

Депутат Жолдаудағы саяси, экономикалық, әлеуметтік бастамаларға кеңінен тоқталып, медиаторлардың сауалына жауап берді.  

Сондай-ақ, жиын қорытындысы бойынша қатысушыларды Жолдаудың іске асырылуына өз үлестерін қосуға шақырды.

310650312_1750686388630103_6533763711701029561_n.jpg310705431_1750787735286635_7281238671273798889_n.jpg

Тағы да оқыңыз: