Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен қала әкімі Нұржан Ахатов Президент паркіндегі құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Мұнда бас мердігер «Bi Global» ЖШС ауқымды абаттандыру жобасын жүзеге асыруда. Саябаққа 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, 7 балалар ойын алаңын, 4 спорт және 4 workout, 7 демалыс аймағын, 4 фудкорт, теннис үстелдерін, биіктігі 50 метр болатын айналмалы дөңгелек аттракцион, би алаңын, стритбол, вело және жүгіру жолақтарын, сахна, сарқырама каналдары мен көпірлер, шахмат, баскетбол және футбол алаңдарын, арқан саябағы мен модульдік санитарлық нысандар салынуда. 

Президент саябағы бақылау 3.jpg

Сонымен қатар, бұл аумақта жыл он екі ай жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы бой көтеріп келеді. Бас мердігер Alem Qurylys AQ ЖШС жобаға сәйкес спорт блогын, іс-шараларға арналған event-аймақ, тұрғын корпустар, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимараттар, дәстүрлі киіз үйлер, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы және сахна орнатады. Қазір саябақтағы нысандарда қызу жұмыс жүруде.

Президент саябағы бақылау 2.jpg

Тағы да оқыңыз: