Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа жолдағае Жолдауында еліміздің жүзеге асатын реформаларға қатысты бес бағыты белгіленген еді.
Бұл бағыттар жөнінде мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында кеңінен атап өтті.
Ол атап өткеніндей, еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындылды. Бастамалар жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды.
Президент бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Өйткені конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Жүргізіліп жатқан реформа қазір «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделіп отыр.
Айнұр ӘЛИ