Kyzylorda-news.kz  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар проблеманың басын қайырды және жаңа бастамаларды жария етті. Мемлекет басшысының қабылдаған реформалары көптің көңілінен шыққандығы айтпаса да белгілі.

Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп. Жеке тоқталған аталған бағыттардың барлығы да кеңінен ашылып, атқарылуы тиіс шаралар нақты белгіленген. Жоғарыда атап өткендей, Жолдаудағы маңызды бағдарлардың бірі – заң және тәртіп. Бұл ауқымды мәселенің аясында сот жүйесі және құқық қорғау органдарындағы реформалардың тиісті тұстары қамтылды. Сондай-ақ, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға рақымшылық болмайтыны аталып өтті. 

Елде ең төменгі жалақы өсетін болды. Мемлекет басшысы азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Сонымен қатар 5 жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің енгізілетіні қуантты. Одан бөлек су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, игерілмеген жерлерді қайтару және тағы басқалар. Цирфландыру бойынша бірқатар мәселе көтерілді. Бүгінгі күннің өзінде көптеген қызметті үйде отырып-ақ алуға мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз – даму мен алға жылжудың айқын көрінісі.

Біз Президенттің бағытын толық қолдаймыз. Жалпы Жолдауда «Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті.  Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек»,- деп тапсырды.

Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!»,- деген Жолдау неге көңілімізге қонбасын. Енді қазақ елі бірігіп, Жолдауда айтылғандардың барлығының орындалуына, Жаңа Қазақстанның жаңаша құрылуына бір адамдай үлес қосайық.

Қайрат Ерназаров, 
Облыстық мәслихат депутаты, “ҚХП” “ҚОФ” төрағасы.

Тағы да оқыңыз: