Kyzylorda-news.kz.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялады.

«ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 6-шы шақырылымдағы Парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялап жатқан бүгінгі жиынға Мәжілістің – 98 және Сенаттың 44 депутаты қатысып отыр.

Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.

Тағы да оқыңыз: