Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқан қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

“Самарқан қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын”, – делінген жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысы үкіметке осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Самарқан – Өзбекстандағы ежелгі қала, Самарқан облысының орталығы. Зеравшан өзен аңғарында орналасқан. Онда жарты миллионнан астам адам тұрады.

4 ғасырдан 6 ғасырға дейін Түрік қағанатының құрамына енген Соғды мемлекетінің, 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басында Әмір Темір мемлекетінің, ал 1924-30 жылдары Өзбекстанның астанасы болды.

1938 жылдан облыс орталығы. 1970 жылы қазанда Самарқанның 2500 жылдығы аталып өтті.

Тағы да оқыңыз: