Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай биыл Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылорда қаласында өтетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Руслан Желдібай Telegram желісіндегі арнасында Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетінін мәлім етті.
"Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады", - делінген хабарламада.
Фото: Ақорда
