Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары және білім алушылары, жас зерттеушілермен кездесті.

Жиынға университетттің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

IMGL9737.JPG

IMGL9788.JPG

Кездесуде Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы елімізде жастардың тұлғалық дамуына, білім алуына барынша жағдай жасалғанын атап өтті. Қазіргі бәсекелестік заманда жастардың нақты мақсаты болуы керегін, кітап оқитын, үздіксіз ізденетін, интеллектуал ұрпақ қана жарқын болашақты қалыптастыратынына тоқталды.

Ал, білім алушылар еңбек нарығына қажетті мамандардың даярлануы, жетістіктер формуласы, жастардың дамуына қатысты сұрақтарын қойды.

Жиын соңында Мәлік Нұржанұлы университеттегі «Археология және этнография ғылыми зерттеу» орталығының көрме залымен танысты.

IMGL9853.JPG

Тағы да оқыңыз: