Kyzylorda-news.kz. Үкімет басшысы өңірлерде рұқсатсыз қоқыс төгілген орындардың бәрін жабуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде өңірлерде қатты тұрмыстық қалдық орналастырылатын 3,5 мың объекті жұмыс істейді. Оның ішінде тек 620-сы ғана талапқа сай келеді.

“Экология министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, рұқсатсыз қоқыс төгілген жерлердің бәрін жабу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды және ресурсы сарқылған полигондарды жауып, қайта қопсыту жұмыстарын жүргізуді тапсырамын”, – деді Мамин үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, өңірлердің экологиясын жақсарту үшін 2025 жылға дейін орман аумағын 500 мың гектарға ұлғайтып, 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Үкімет басшысы республиканың 6 қаласында қоқыс өңдейтін зауыттар салынатынын атап өтті. Айтуынша, бұл кемінде 200 миллиард теңге жеке инвестиция тартуға және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесін 30 процентке дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: