Kyzylorda-news.kz.  Тәртіп сақшыларының қатарындағы сыбайлас жемқорлықты жою — қазіргі полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Қоғамда кең етек алған сыбайлас  жемқорлықпен күрес  күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Қазіргі қазақстандық полицияның өзекті міндеті   қолжетімділік  пен ашықтықты арттырып, тұрғындармен кері байланыс орнату. Бұл мақсатта Қызылорда облысы Полиция департаментімен жоспарлы шаралар жүргізілуде.

Департаменттің барлық құрылымдарында және қалалық, аудандық полиция бөлімдерінде жеке құрам  қызметкерлері арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бағытында нақты шаралар қабылданып келеді.

Жыл басынан полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық әрекеттер мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу бағытында рейдтік шаралар жүргізілді. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, әскери-қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту жұмыстарында аттестациялық және тәртіптік комиссиялардың рөлін көтеруге бағытталған нақты шаралар қабылданды.

Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. 2023 жылы оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында құқық қорғау органдарында парасаттылыққа тексеруді немесе integrity check енгізілгені белгілі.  Яғни, өңір полицейлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігі үнемі тексерілетін болады. 

«Өз кезегінде біз де жеке құрам арасындағы заңдылық пен тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесін үнемі бақылауда ұстап келеміз. 

Департамент басшылығымен жем¬қорлыққа жол беретін жағдайлар мен себептерді жоюға ай¬рықша назар аударылып,  жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нақты шаралар қабылдануда. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылыққа қасақана барғандар заң аясында қатаң жазаға тартылады.  Полицей беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу шаралары жалғасуда» дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ермек Искаков.

 

396710142_867661725029835_1910919184861429284_n.jpg

 

Тағы да оқыңыз: