Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы алаңында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Омаров азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан құқық қорғау саласына қатысты түрлі мәселелер көтерілді. Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Атап айтқанда, қала тұрғыны көпқабатты тұрғын үй ауласындағы көлік қозғалысына байланысты туындаған кедергілерге шағымданды. Оның айтуынша, полиция және күзет қызметкерлерінің автокөліктері аулаға ретсіз қойылып, тұрғындарға қолайсыздық тудырып отыр. Бұл мәселе назарға алынып, жауапты сала мамандарына тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Алдағы уақытта тиісті рейдтік іс-шаралар өткізіліп, заң аясында шаралар қабылданатын болды.
Қабылдау барысында көтерілген барлық өтініштер назарға алынып, әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.
