Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде белсенді азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және өңірде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсетіп, ерекше көзге түскен еріктілер марапатталды. 

Жыл басынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен  қылмыстардың алдын алу мақсатында еріктілермен бірлесіп, нәтижелі жұмыс атқарылды. 

Еріктілер әр түрлі рейдтерге, құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шараларға, түрлі  акцияларға қатысып, белсенділік танытуда. 

Қызылорда облысының  Полиция департаменті тарапынан еріктілер мен еріктілер қозғалысын қолдауға ерекше көңіл  бөлініп, еңбегі еленіп келеді.  

«Ізгі қоғам қалыптастыру үшін волонтерлықты дамытудың маңызы зор. Қоғамдық тәртіпті қадағалау жолында белсенділердің ауқымды істерінің тәртіп сақшыларына көмегі зор. Жыл бойы  бірлесіп ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесі баршылық, қызмет барысында бізбен бірге жұдырықтай жұмылған волонтерларымызға алғысымызды білдіреміз» деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының  бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, белсенді азаматтық ұстанымы үшін 31 ерікті алғыс хатпен марапатталды.  Оның ішінде Қызылорда облысының “Волонтерлар фронт офисі” жетекшісі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы,  «Волонтеры Кызылорды» жетекшісі:Чебакова ОльгаКонстантиновна, "Демеу" еріктілер тобының жетекшісі:  Мерекова Әсем Ідірісқызы және Қызылорда облысының “ЧФ Красивые сердца” жетекшісі Ерімбетов Серік  Кенжебекұлының еңбегі ерекше бағаланды. 
Алдағы уақытта халық тыныштығын күзеткен полицейлереріктілермен жұмыс жасап, тығыз байланыс орнатпақ.

 

 

 

Тағы да оқыңыз: