Kyzylorda-news.kz.  Алдыңғы толқынның әрбір өнегелі сөзі, тағылымды еңбектері кейінгі жастарға үлгі. Ардагерлерге деген құрметіміз де ерекше. Ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан тәжірибелі маман-ардагерлермен кездесулерден жастардың алар өнегесі мол.

Бұл орайда департамент бастығының  орынбасары полиция полковнигі Ермек Искаков ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті.

Кездесу барысында сөз алған департамент бастығының орынбасары Ермек Бердалылұлы ардагерлеріміздің ақыл-кеңестері мен ой-пікірлерінің өте маңыздылығын атап өтті.

Ардагерлер де түрлі мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Кездесу барысында олар департамент басшылығына құрметі үшін ризашылықтарын білдіріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында әрқашан кеңесуге дайын екендерін жеткізді.
Қызылорда облысы полиция департаментінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев  сөз сөйлеп, бұл бағыттағы жұмыстарға аса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.  

Полицейлер ардагерлер кеңесінің мүшелеріне әрдайым қамқорлық танытып, қандай да бір туындаған мәселелерін шешіп беруде белсенді жұмыстар атқаруда. Бұған қоса ардагерлер еңбек жолын енді бастаған жас қызметкерлермен жиі кездесіп, ақыл-кеңестерін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Қазіргі уақытта облысымызда 13 бастауыш ардагерлер ұйымы бар, онда 3 мыңға жуық зейнеткер есепте тұрады.

«Ішкі істер органдарының құрметті қайраткерлері қатарынан тәлімгерлер кеңестерін құру, сондай-ақ зейнеткерлерді, ІІМ еңбек сіңірген қызметкерлерін полицияның қызметтік жұмысына тарту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері арасынан тәлімгерлер кеңесін құру бойынша жұмыстар жасалуда. Барлық жас қызметкерлерге тәжірибесі мен біліктілігі мол қызметкерлерден тәлімгерлер тағайындалып, олардың арасында тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жасалып, жеке-тәрбие жұмысының жоспарлары орындалуда. Тәлімгерлер өздерінің қамқорлығындағы жас қызметкерлердің отбасымен танысып, олардың жанұясындағы моральдық-психологиялық ахуалын терең зерделеп, үнемі қолдау көрсетуде», - деді департамент бастығының орынбасары Ермек Искаков.

0V4A6181.JPG

Тағы да оқыңыз: