Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау белгіленген кестеге сай жүйелі түрде өткізіліп келеді. Жыл басынан бері 500-ге жуық жеке қабылдау ұйымдастырылып, 800-ден астам азаматтың өтініш-шағымы қаралды.
Қабылдау барысында тұрғындар қылмыстық істерді тергеу, алаяқтық деректері мен кадр мәселелері бойынша өз өтініштерін жеткізді. Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, шешу жолдары түсіндірілді.
– «Жеке қабылдау – тұрғындардың полицияға деген сенімін арттырып, нақты мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Әрбір өтініш назардан тыс қалмайды», – деді полиция департаментінің басшылығы.
Полиция басшылығы барлық өтініштерді жеке бақылауына алып, тұрғындармен кері байланысты нығайтуға баса назар аударып келеді.

