Kyzylorda-news.kz. Алматыда шетелге шығатын адамдарға жалған вакциналау паспорттарын дайындаған туристік компания анықталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сауд Арабиясы Корольдігіне баратын қажыларға барлығы 143 паспорт жасалған.
“Туристік фирманың кеңсесін тінту кезінде ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды”, – деп хабарлады полиция.
Полиция жалған құжат дайындағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын, ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті.
Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасау, сондай-ақ оларды пайдалану бойынша 30 қылмысты тіркеді.
Sputnik Қазақстан