Kyzylorda-news.kz. ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, жолаушылар көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының жиеленуіне байланысты, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында қала көлемінде өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың барлығы 88 дерегі анықталды.
Оның ішінде, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған - 6, заңсыз қайта жабдықтаған - 2, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген – 1, міндетті техникалық байқаудан өтпеген – 1, маневр жасау қағидаларын бұзу – 17 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айып тұрағына 3 автокөлік қойылды.
Айта кету керек, іс-шара 2022 жылдың 11 желтоқсанға дейін жалғасын табады. Мұндай профилактикалық шаралар жолаушылар көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

