Kyzylorda-news.kz  Ұлттық ұлан сарбазына күш көрсетіп, әлімжеттік көрсеткендердің кім екені анықталып, ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соққандардың тұрғылықты жері анықталғанын мәлімдеді.

“Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада. 

Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, сондай-ақ желіде тараған видеоны түсірген адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: ratel.kz

Тағы да оқыңыз: