Пойыз билетін кері қайтарған жағдайда билет құны неше күнде беріледі? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Пойыз билетін кері қайтарған жағдайда билет құны неше күнде беріледі?

18.01.2020, 13:00

262 0

Kyzylorda-news.kz. Жолаушылар пойыз билеттерін кассаларға кері қайтарған жағдайда билет құны неше күнде берілетіні туралы ОКҚ брифингінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі айтып берді.

«Теміржол билеттерін пойыз жүріп кеткенге дейін тапсырса, 5 күннің ішінде билеттің құны қайтарылады. Ал пойыз жүріп кеткеннен кейін тапсырса, 2 аптаның ішінде қайтарылады», – деді Асылхан Советбекұлы.

Айтуынша, билет құнын екі аптадан аспайтын уақыт мерзімінде қайтаруға міндетті. 

Жолаушылар билеттерін теміржол вокзалындағы кассалар немесе интернеттегі билет рәсімдеу сайты арқылы кері қайтарып, билет құнын ала алады.


«Хабар 24»

0

Пікір қалдыру