Kyzylorda-news.kz Қазақстанда теміржол жолаушылары үшін маңызды жаңалықтар күшіне енбек, деп хабарлайды BAQ.KZ 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіккен жағдайда, жолаушыларға билет құны толық көлемде қайтарылады. Бұл — Көлік министрлігі бекіткен жаңа тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістердің бірі. Сонымен қатар, енді теміржол билеттерін пойыз жүруге 10 минут қалғанда ғана сатып алуға болады. Бұрын бұл мерзім 24 сағатқа дейін жалғасатын.

Сапарға балаларымен шығатын ата-аналар үшін де жағымды өзгеріс бар. 7 жасқа дейінгі балаларға билет сатып алу міндетті болмайды, ал егер жеке орын қажет болса, ол жеңілдікпен беріледі. Ал 7-15 жас аралығындағы балалар үшін 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Алайда енді 15 жасқа толмаған балалар заңды өкілінсіз немесе арнайы сенімхатсыз пойызға мінуге рұқсат етілмейді. Егер баламен бірге ата-анасы немесе ресми өкілі бірге жүрсе, сенімхат талап етілмейді.

Аталған өзгерістер 2025 жылдың 22 сәуірінен бастап ресми түрде күшіне енеді. Бұл жаңашылдықтар жолаушылардың құқығын қорғауға және теміржол тасымалын ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: