Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен жыл сайын дәстүрлі түрде республика көлемінде «Погонды журналист» жобасы ұйымдастырылып келеді.
Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде учаскелік полиция инспекторларының, патрульдік, жедел қызметкерлердің, тергеушілердің, криминалистердің және басқа да полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысын көрсетуге бағытталған.
«Погонды журналист» жобасы Сыр өңірінде де жалғасын тауып келеді. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері погон тағып, полицейлердің бір күндік жұмысымен танысты.
Жуырда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жобаны қорытындылады. Байқауға еліміз бойынша республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Жобада белсенділік танытқан өңіріміздегі «77 каналдың» тілшісі Смағұлов Ержан Орынбасарұлы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Саденов Ержан Сапарбекұлының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Міне, бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы журналистке Министр марапатын салтанатты түрде табыстады.
Серік Жүрсінбайұлы Сыр өңірінің журналистері ішінде ерекше белсенділік танытып, қиын салада қалтқысыз еңбек етіп жүрген полицейлердің тынымсыз еңбегін көпшілікке жоғары деңгейде көрсете білген облыстық «77» каналдың тілшісі Смағұлов Ержан Орынбасарұлын марапатымен құттықтап, алғысын білдірді.
