Kyzylorda-news.kz Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, пластик қалдықтарының зияны туралы түсіндіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында жауапкершілік сезімін арттырып, тұрақты өмір салтын насихаттау көзделді.

Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, пластикті қолдануды шектеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Пікірталас кезінде өз ойларын дәлелдермен жеткізіп, түрлі ұсыныстар айтып, өзара белсенді пікір алмасты. Экологиялық баламалар мен тиімді шешу жолдары да кеңінен қарастырылды.

Аталған шараға 20-ға жуық студент қатысып, белсенділік танытты.

Тағы да оқыңыз: