“AMANAT” партиясы алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Отбасын қолдау орталықтары мамандарымен «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған пилоттық жоба механизмдері талқыланды.

Атап өту керек, жалпы пилоттық жоба Қарағанды өңірінде бастау алып, өз нәтижесін көрсетті. Бүгінгі күні тағы бірқатар өңірлер бастап жатыр. Бұл әрбір өңір үшін банктер мен микроқаржы ұйымдары алдында 90 күннен астам берешегі бар азаматтарға тікелей нақты қолдау көрсетуге үлкен көмек, - дейді «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Балдырған Мамен.  

Бүгінгі күні азаматтарды оқыту тек онлайн түрде жүргізілуде. Мәселесі бар азаматтармен сөйлесу, оларға жан-жақты кеңес беру бағытында көптеген қиындар кездесуде. Мысалы қаржы ұйымдары мен отбасын қолдау орталықтары мамандары өз жеке телефондары арқылы қиындыққа тап болған азаматтарға хабарласқанда қоғамда болып жатқан алаяқтық фактілерге орай олар мамандарына нақты сенбейді. Екіншіден, қанша мыңдаған адамға қоңырау шалып отыру ол мамандарға да шығын.  Онан қалды WhatsApp мессенджері арқылы күні -түні мазалау, сонымен қатар көрсетілген көмектерді кейбір азаматтардың мойындамауы сынды мәселелер кездесеті. Яғни бір азамат бірнеше көмек түрлерін алып мәселесі шешілсе де, тізімде сақталып тұра беру сынды проблемалар кезігуде. Ал осы пилоттық жоба механизімі БИТРИКС бағдарламасы арқылы жүргізетін болсақ, бұл ең біріншіден тек тікелей өзіміздің өңір азаматтарына қолдау көрсетуге және мәселесі шешілген соң оларды тізімінен айырып отыруға, сонымен қатар азаматтарға көрсетілген көмектердің осы базада сақталуына ықпал етеді.

Жиынға облыстық барлық аудандарындағы отбасын қолдау орталықтары мамандары онлайн қатысты. Оларға  пилоттық жобаның механизмдері жан-жақты таныстырылып, алдағы міндеттер пысықталды. 

Тағы да оқыңыз: